• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:22:41
Алматы
+12°

Сенаттың бүгінгі өткен жалпы отырысында сенатор Динар Нөкетаева мектептегі кітапханашылардың жалақысын арттыру мәселесін көтерді. Депуттаттың сауалына білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді. 

Сенатордың айтуынша, жалпы халыққа қызмет көрсететін кітапхана қызметкерлерінің жалақысы 30-50 пайызға көтерілген. Бірақ мектептегі кітапханашылардың еңбекақысы өзгеріссіз қалған.

Білім және ғылым министрі бүгінде мектеп кітапханаларында 13,5 мың адам жұмыс істейтінін және олардың барлығы білім қызметкерлері болып саналатынын атап өтті. Сондықтан мәдениет саласындағы кітапханашылардың жалақысын арттыру шараларына ілінбей қалған. 

– Білім саласында қызмет ететін 13,5 мың кітапханашының жалақысы мәдениет саласындағы әріптестерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ал жұмыс мазмұны бірдей және өздеріңіз білесіздер, әсіресе, шалғайдағы елдімекендерде жалғыз кітапхана ғана жұмыс істейді. Ол оқушыларды ғана емес, барлық тұрғынды кітаппен қамтамасыз етеді, – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, бүгінде арнайы жұмыс тобы құрылған. Оған білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен қаржы министрлігінің мамандары кіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір