• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қыркүйек, 07:14:16
Алматы
+10°

Әлемдегі ең ірі Dogecoin инвесторы 420,69 Dogecoin сатып алды.

Бұл жаңалық екі жыл ішінде криптовалютаға зор мөлшерде қаржы салған жұмбақ адамның жеке басы туралы болжамдарды күшейтті.

Bitinfocharts деректері көрсеткендей, Dogecoin мекен-жайы "DH5yaieqoZN36fDVciNyRueRGvGLR3mr7L" деп көрсетілген аккаунт шамамен 192 доллар тұратын 420.6899 Dogecoin сатып алған.

Бұл мекен-жайда 2019 жылдан бастап 36,7 миллиард Dogecoin жинақталған және қазір жалпы Dogecoin мөлшерінің  шамамен 28%-ын құрайды.

Dogecoin бағасы 0,3937 доллар болған кездегі есеп бойынша жұмбақ инвестордың иелігіндегі криптовалюта құны 14,7 миллиард долларды құрайды.

Көптеген инвесторлар бірнеше айдан бері бұл әмиәннің артында кім немесе не тұрғанын талқылаған. Мекен-жай жеке тұлғаға, маркет-мейкерге немесе биржаға тиесілі болуы мүмкін, дегенмен "420" және "69" мем нөмірлеріне сілтеме жасау әзілқой біреудің сатып алғанын меңзейді.

CoinDesk-тің ғылыми жетекшісі Ноэлл Ахесонның айтуынша, криптовалюта айырбастау мекен-жайы кірістер мен шығыстарға ие. Мекен-жай 12 сәуірде 100 миллион монета сатқан және бұл сату аккаунттың 2021 жыл бойынша жалғыз саудасы  болған.

Кейбір интернет-форумдар бұл мекен-жай өзін "Dogecoin-ның әкесі" деп атаған Илон Маскқа тиесілі деп жорамалдайды. Бұл мекен-жайға 28.061971 Dogecoin үш бөлек қосылған. Сандар 1971 жылы 28 маусымдағы Илон Масктың туған күніне сілтеме жасайды.

Ал кейбір сарапшылар бұл транзакцияларды Маск жасағаннан гөрі, оны құрметтеу үшін ірі трейдер әдейі істеген болуы мүмкін екенін айтады.

Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск ақпан айында Dogecoin-ның ең үлкен қаупі ретінде криптовалютаның басым бөлігі санаулы трейдерлерге тиесілі екенін айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір