22 Мамыр, 2021 Экономика
Фото: Ашық дереккөз
2010 жылы 22 мамыр күні АҚШ Флорида шартының тұрғыны Ласло Ханьец екі пиццаға криптовалютамен төлем төлеген. Оқиғаға байланысты 22 мамыр – "Bitcoin Пицца күні" деп аталады. Ал Ханьец коммерциялық транзакцияда Bitcoin қолданған бірінші адам болып қалды.
2010 жылдың 22 мамырында Ласло Ханьец өзіне жеткізілген 41 доллар тұратын екі пицца үшін 10 мың Bitcoin төлеуге келіскен.
Содан бері Ханьецтің 10 мың Bitcoin төлеп алған пиццасы АҚШ долларымен есептегенде қымбаттап келеді. Тоғыз ай өткен соң, Bitcoin арқылы алынған екі пиццаның бағасы 10 000 АҚШ долларымен теңесті, ал 2015 жылы екі пицца 2,4 миллион долларға бағаланды.
2021 жылы 11-жылдығында Bitcoin бағасы ең жоғары деңгейге 63000 долларға жетті. Сол есеп бойынша, екі пиццаның құны 630 миллион доллар болды.
Ал Bitcoin-ның бүгінгі 38 мың доллар төңірегіндегі бағасы бойынша, екі пиццаның бағасы 380 миллион долларға тура келеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір