22 Мамыр, 2021 NEWS
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Құжат санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.
Құжатқа сәйкес барлық өңірлерде төмендегідей кәсіпкерлік объектілерде Ashyq жобасын іске асыру шарасы жүзеге асырылады:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
- спа-орталықтары;
- сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
- боулинг клубтары;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- ерікті қатысушылар;
- караоке;
- көрмелер;
- океанариум;
- марафондар;
- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
- Алматы қаласының әуежайы;
- (31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.
Сонымен қатар құжатта Ashyq жобасына жаңадан қатысушыларды қосу алгоритмі, Ashyq жобасын енгізу және "сары/қызыл" мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі, қатысушыларды Ashyq жобасынан шығару алгоритмі жазылған.
Құжаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір