• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:47:17
Алматы
+12°

АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин

АҚШ президенті Байден Ресей басшысы Путинмен кездесер алдында кезекті сальто жасауын қояр емес – ол тағы да кеше Нордстрим-2 газ құбырына санкция салды. Әдетте екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсаруы үшін қарсы тараптар бір-біріне жылышырайлық танытып, кейбір визавиге жақпайтын қылықтардан бас тарта тұруына болар еді, алайда АҚШ пен РФ жағдайында олай болмай тұр. 

Мұның себебі мынада деп ойлаймын – АҚШ РФ-ны шындығында масқара етіп мазақтап отыр. Біріншіден, мұндай кездесу Байденге емес, Путинге керек. Өзін АҚШ-пен тең дәрежеде сөйлесе алатын фигура етіп көрсету үшін. Сол үшін де ол әскерін Украина шекарасына шоғырландырып, үлкен соғысты әне бастаймын, міне бастаймын деп қорқытты. Шындығында террорлық әрекеттерге барды. Ресейден бәрін де күтуге болатынын сезген Байден Путинді кездесуге шақырды. Путиннің де күткені сол екен, бірден келісімге келіп, енді болашақ кездесуде не айтатынын талқылай бастады. Әрине, онысын білдірмеуге тырысып бірнеше күнге шейін жауап бермей жүрді. Бірақ Путинді әбден зерттеген Байденнен қулық артылған ба – көздеген нысанасына дәл тигізгенін білсе де ол да білмеген болып өз ісімен айналыса берді. Ақыры Мәскеу шыдамай кездесуге қызу дайындала бастады...

Негізі мынадай санкциядан кейін РФ бұрқан-талқан ашуланып, кездесуден бас тартуы керек қой? Алайда бір тәулік өтсе де Мәскеу тарапынан әзірге үн жоқ! Мұны Мәскеудің жеңілісі деп бағалағаннан басқа не деуге болады? Қайда әлгі симметриялық жауаптары?

Сонымен, АҚШ Қаржы министрлігі Нордстирм 2-ге қандай санкция қолданды?

Қара тізімге мынадай ұйымдар енгізілді:

Мемлекеттік федеральдық бюджеттік "Морская спасательная служба" мекемесі;

ООО "Мортранссервис".

"Самарский теплоэнергетический имущественный фонд" АҚ.

"Коксохимтранс".

Сондай-ақ Нордстрим-2 құрылысына қатысып жатқан 13 кемеге санкция салынды. Олар мыналар:

"Академик Черский".

"Балтийский исследователь".

"Спасатель Карев".

"Юрий Топчев".

"Владислав Стрижов".

"Артемис Оффшор".

"Бахтемир".

"Финвал".

"Капитан Беклемишев".

"Мурман".

"Нарвал".

"Сивуч".

"Умка".

Қуаныш Еділхантегі

Шолушы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір