• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:01:22
Алматы
+12°

24 Желтоқсан, 2013 Сұхбат

«Қамшыны» қайта қолға алдық!

Қазақ ғаламторы неге бәсекеге қабілетсіз? Қазақ журналистері неге ақпаратты тез әрі нақты бере алмайды? Алай істеу керек еді, бұлай істеу керек еді… Бұл сөздер...

Қазақ ғаламторы неге бәсекеге қабілетсіз? Қазақ журналистері неге ақпаратты тез әрі нақты бере алмайды? Алай істеу керек еді, бұлай істеу керек еді… Бұл сөздер қазір екінің бірі айтатын «доп-домалақ» сынға айналды. Нарық заманында әр шаруаның айналып келіп қаржыға тірелетінін білседе білмеске салады кейбіреулер. Басқасы басқа, ұлтқа жұмыс жасаймын деп, қазақтың туын көтерген баспасөзге дәл қазір бумалап ақша беретін билік те, ақсүйек те жоқ. Шүкірлігі, бүігінгі жас қазақтар құр тұлпқа қарап мөңіреп тұрмайды. Қолынан не келеді, соны жасайды және міндетсімейді. «Қамшы» порталы да бісімілләсін сәйгүлік шабыспен бастап, бір жылдан бері өгіз аяңға түскен. Әйтеуір, бағыты анық, мақсаты берік (http://qamshy.kz/?page_id=29). «Абай.кз»-тің артынан еріп, «Маса.кз»-пен қол ұстасып келе жатыр… Міне, санаулы күндерден бері қазақ көшіне тоқтау салынды. «Көштен қалмайық, көшті тоқтатпайық!» деген ұранымызды естір құлақ болмады. Біреуі шай, біреуі нан әкеліп, бір дастарханның басынан табылатын қазақы әдетімізге салып, «Қамшыны» қайта қолға алдық. Мақсат біреу – әлемдегі бар қазақтың пікірін бір арнаға тоғыстырып, Алты алаштың жоғын жоқтап, мұңын мұңдау. Үш қаріпте үкілеп отыруымыздың да сыры сонда. Бір жарым миллион қандасымыз қолданатын төте жазу да біздің сайтта тұр. Оны техникасының қиындығына қарамастан, Қытайда тұратын қандасымыз Жәнібек Шериязданұлы өрімге қосты. Ең үлкен жаңалығымыз сол – «Қамшыгер» хабарын аштық. Бірінші сұхбатымызды аты аңызға айналған Қажығұмар Шабданұлының тұяғынан (http://abai.kz/node/16962) бастадық. Тарихын қазып, танытуға тиіс, білімін бағалап, ұсынуға тиіс, айтары бар азаматтарды біз қай-қашанда құшақ жайып қарсы алып, қолына қамшы ұстатуға дайынбыз. Шағын ғана «алғы сөзімізде» сайттың қайта түлеуіне мұрындық болған азаматтарды тізіп шығу мүмкін емес. Алла қаласа қазақтың төл жаңа жылы науырызда “Жезбұйда” жастар ұйымымен бірлесіп, “Қамшыға” бастан-аяқ қолдау көрсеткен азаматтардың атын атып, түсін түстеп, нұрын тасыту ойымызда бар. Албасты қабаққа қарай басатын мынау заманда әр қазақтың қолында «Қамшысы» болсын деп тілейік! Өйткені ол ұл болсаң қолыңда ойнайды, құл болсаң төбеңде ойнайды!

Қамшы сілтейді
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір