• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:36:31
Алматы
+12°

Павлодар облысы Железин аудандық прокуратура дәлізінде полицей өзіне оқ атқан. Ол адам полиция қызметкері Рахым Оңбаев екені анықталды. Істің мән-жайын полицейдің әкесі Нұрлан Оңбаев айтып берді.

Оның айтуынша, 23 мамырда ұлын шұғыл түрде прокуратураға бірнеше рет шақырған.

– Ұлым жексенбіде жұмысқа кеткен. Бірнеше сағаттан кейін оның ауруханаға түскенін айтты. Ұлымның сөзінше сол күні оны прокуратураға бірнеше рет шақырған. Ол сағат 6-ға дейін жұмыста құжаттарға қол қойып шыққан. Сол уақытта ол жұмыста прокуратура қызметкерлерінің ішімдік ішіп отырғанын көріп, олардың әрекеттеріне наразы болған. Олардың ұлыма не айтқанын білмеймін. Мүмкін қорлаған шығар. Бірақ олар шектен шыққан. Содан ұлым шарасыз күйде ашуланып, өзіне оқ атқан. Оның айтуынша, оқ атылғаннан кейін ол жерде құлап жатқан. Алайда прокуратура қызметкерлері көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырудың орнына ішкен тамақтарын жиыстырып, бақылау бейнекамералардан видеоларды өшірді. Кейін прокуратураға өз жұмыстарымен келген жергілікті полиция қызметінің бастығын көмекке шақырдым. Ол жедел жәрдемге хабарласып, аурауханаға алып барған, – деді полицей қызметкердің әкесі.

Зардап шеккен полицейдің туыстары бұл оқиғаға жаңадан тағайындалған прокурордың көмекшісін кінәлап отыр.

– Прокурордың жаңа көмекшісі келісімен Рахым жиі жұмыста қалатын болды. Ол оған үнемі кінә тағып, күніне бірнеше рет жұмыс бөлмесіне шақыратынын айтты. Былтыр тамызда ол мерзімінен бұрын полиция майоры атағын алды. Ол өз жұмысын өте жақсы көреді. Оны бәрі сабырлы және байсалды адам ретінде біледі. Оның отбасы бар, 4 жасар ұлы өсіп келеді.

Менің ұлымды осындай жағдайға жеткізген адамдар тиісті жазаға тартылуы керек. Мұндай қызметкерлер прокуратура қатарында жұмыс істемеуі керек деп санаймын, – дейді Нұрлан Оңбаев.

Павлодар облысында 23 мамыр 18:10-да аудандық прокуратура ғимаратының дәлізінде 29 жастағы аға тергеуші Рахым Оңбаев өзінің оң иығына оқ атқан. Кейіннен полиция қызметкері ауруханаға жатқызылып, оған ота жасалды. Қазір аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір