• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:38:50
Алматы
+12°

САУД АРАБИЯ БИЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық бөлімі Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы қажылық маусымына дайындық шеңберіндегі арнайы талаптарды жариялағанын хабарлады.

Оған сай, "Қажылық-2021" маусымындағы қажылар саны 60 мың адамға белгіленген. Қажылық жасауға 18-60 жастар аралығындағы азаматтар өтініш бере алады.

Қажылыққа барғысы келетіндерден Сауд Арабиясында ресми бекітілген вакцина түрлерінің (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna) екі дозасын қабылдау талап етіледі. Екінші дозаны Корольдікке барудан 14 тәулік бұрын салдыру міндетті. Шет елдерден келген азаматтарға қажылық құлшылығына қатысы жоқ өзге аймақтарға баруына тыйым салынады.

"Сонымен қатар, әр қажы жоғарыда аталған вакциналардың бірін салдырғаны туралы өз елінің құзыретті органдарынан анықтама алуы және оны Сауд Арабиясының шет мемлекеттердегі елшіліктерінде заңдастыруы керек. Бұған қосымша әр қажыдан Корольдікке келген кезде 72 сағатқа жарамды теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын да көрсету талап етіледі.

Қажылар Мекке аймағында бір орыннан екінші орынға көшкен уақытта барлық денсаулық сақтау шараларын қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ бекітілген ережелерге толық бағыну қажет.

Алайда "Қажылық-2021" маусымында қандай мемлекеттен қанша адам шақырылатыны жайлы жаңалықты Саудия билігі әзірге таратпай отыр. Қажылық маусымына қатысты жаңа ақпараттар мен қосымша талаптар болған жағдайда қосымша хабарланады" делінген ақпараттық хабарламада.

Биыл  "Қажылық-2021" 17 шілдеде басталады.

2021 жылғы 26 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 035 781 адам вакцина салдырған. Олардың дені негізінен ресейлік "Спутник V" және отандық QazVac вакциналарын салдыруда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір