• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:55:11
Алматы
+12°

Алматыдағы балалар ауруханасының дәрігерлері Шарын шатқалында құтқарылған 11 жастағы оқушының жағдайы туралы айтты.

– 31 мамырда Төтенше жағдайлар министрлігі 11 жастағы қызды біздің клиниканың жедел жәрдем бөліміне алып келді. Қабылдау бөлмесінде қызға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп, нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Оған мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, орташа ауырлықтағы гипотермия, қолы және аяғының көп жері соғылған деген диагноз қойылды. Қазір жағдайы тұрақты, – деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Оның айтуынша, қыздың психологиялық жағдайы тұрақты. Жағдайы тұрақталғаннан кейін психологтар онымен жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бала анасымен бірге.

Еске сала кетейік, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, соның салдарынан экспедицияда жүрген мұғалім, ата-ана, оқушылардан тұратын топтағы бір мұғалім мен бір оқушы мерт болып, оқушы тәулікке жуық уақыттан кейін табылған. Тағы 6 адам зардап шеккен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шарын Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір