• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:53:37
Алматы
+12°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында соңғы 3 жылда 42 балалар үйі жабылып, тәрбиеленушілердің саны 1969-ға азайғанын мәлімдеді.

– Республикада балалардың құқығын қорғау және олардың дамуына қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі шаралар қабылданған. Осы мәселе бойынша президент тапсырмаларының шеңберінде жаңа заңнамалық нормалар қарастырылуда. 2 жыл ішінде ұлттық заңнамаға 83 жаңа түзетулер енгізілді. Соның ішінде 2020 жылдың өзінде балалардың құқығын қорғау үшін 22 нормативтік-құқықтық акт қабылданды, – деді министр.

Оның айтуынша, соңғы 10 жылда балалар үйлерінің саны 210-нан 96-ға дейін немесе 2 есе, ондағы тәрбиеленушілердің саны 3 есе азайған.

– Соңғы 3 жылда 42 балалар үйі жабылып, тәрбиеленушілердің саны 1969-ға азайып отыр. Балалар үйлерінде арнайы қамқоршылық кеңесі құрылды. 18 балалар үйі балаларды қолдау орталықтарына бейімделді. Бала асырап алатын ата-аналарды міндетті түрде даярлықтан өткізу үшін "Бала асырап алшуылар мектебі" институты енгізілді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін білім беру тетіктерін дамыту маңызды. Балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін арнайы педагогтерді дайындау бойынша соңғы жылы грант санын 2 есеге көбейттік, – деп атап өтті Аймағамбетов. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір