01 Маусым, 2021 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Шарын шатқалында оқушыларды құтқару кезінде қайтыс болған №199 гимназияның мұғалімі Мерей Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
"Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы № 199 мамандандырылған гимназия КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен наградталсын (марқұм)" делінген жарлықта.
29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, соның салдарынан экспедицияда жүрген мұғалім, ата-ана, оқушылардан тұратын топтағы бір мұғалім мен бір оқушы мерт болып, бір оқушы тәулікке жуық уақыттан кейін табылған. Тағы 6 адам зардап шеккен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір