08 Маусым, 2021 NEWS
Фото: kapital.kz
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне берген сұхбатында білім саласына енгізілген өзгерістер туралы айты.
Ведомства басшысы мұғалімдерді жұмысқа бұдан былай мектеп директорлары қабылдамайтынын, жұмысқа тұру ашық конкурс арқылы өтетінін айтты.
– Түрлі алып-қашпа сөздер бар. Шындықты бәріміз білеміз. Мұндай мәселелердің, мұндай тәуекелдердің барын білеміз және мойындауымыз керек. Бұрын әр мектептің басшысы мұғалімді жұмысқа қабылдағанда өзі жеке дербес шешім қабылдайтын. Енді мұндай тәуекелдердің алдын алу үшін заңнамаға өзгерістер енгіздік. Енді жұмысқа мұғалімдерді директорлар қабылдамайды, конкурспен қабылданады. Егер бос жұмыс орны болатын болса ол орынға тиісті жарнама беріп, хабарлайды. Сол хабарлама бойынша оның нақты жалақысы қандай және нақты атқаратын қызметі, оған қойылатын талаптар да көрсетіледі. Осыған орай үміткерлер құжаттарын тапсырады. Оның бәрі конкурстан өтіп, тиісті өзіне тән қасиеттері, құзыреттілігіне, білімділігіне, біліктілігіне сәйкес тиісті комиссия шешім қабылдап, мектепке ең мықты, білімді деген мұғалімдер келу керек. Осы механизмді біз білім туралы заңға енді. Енді осы норманы іске асыру үшін тиісті министрліктің бұйрығын дайындап жатырмыз. 1-2 жұманың ішінде бұйрыққа қол қоямын. Қол қойылғаннан кейін бұл іске асады, – деді Аймағамбетов.
Министрдің сөзінше, университетті бітірген жас педогогтар диплом алысымен бірден мектепке жұмысқа тұра алмайды. Олар ұлттық біліктілік тестін тапсырып, тиісті балл жинауы қажет.
– Биылғы жылдан бастап университеттерді бітірген біздің болашақ педогогтер мектепке бару үшін сертификаттау рәсімінен өтуі керек. Олар ұлттық біліктілік тестін тапсырады.Тиісті балл алатын болса ғана қай мектепке тұрғысы келсе, сол мектепке барады. Сосын сол мектептегі комиссияға сабақ жүргізеді. Бұл екінші этап. Соның нәтижесі бойынша оған педагог деген квалификация беріледі. Сол мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік алады, – деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір