• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:46:13
Алматы
+35°

Amazon, eBay, Ticketmaster сияқты ірі сайттар ғаламдық CDN қатесіне байланысты жұмыс істемей қалды. Ғаламдық үзіліс Amazon, Reddit және Twitch сияқты бірқатар ірі веб-сайттарға әсер етті.

Financial Times, Guardian және New York Times сияқты жаңалықтар агенттігі де оффлайн күйінде болды.

Кейінірек көптеген ірі веб-сайттардың негізін қалайтын есептеу провайдері – Fastly проблемаларға себеп болғаны мәлім болды.

Компания мазмұнды жеткізудің ғаламдық желісіне (CDN) қатысты мәселелер бар екенін және түзетуді жүзеге асырып жатқанын айтты.

Мәлімдемеде "Біз бүкіл әлем бойынша проблема тудырған себепті анықтадық. Біздің ғаламдық желіміз онлайн режимінге қайтып келеді" деп хабарланды.

Ғаламдық үзіліс бір сағатқа созылды. Проблема CNN және Twitch және Hulu сайттарына да әсер етті. Бұл үзіліс басқа қызметтердің кейбір бөліктерін, соның ішінде Twitter эмодзилеріне де ықпал етті.

Веб-сайттар бір сағаттай жұмыс істемей тұрғаннан кейін қалпына келтіріле бастады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір