• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:46:42
Алматы
+12°
Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Қазақстанда қымбатшылық өршуіне байланысты үкіметтің экономика саласына жауапты тұлғаларын қызметтен алу туралы бастама көтерді.
 
– Қымбатшылық халықты әбден басып кетті. Адамдар уже тамақты сатып алу үшін кредит алып отыр. Ауылдағы дүкендер халыққа азық-түлікті қарызға беріп жатыр. Ал халық кедейшілікке және кредитке батып қалды.
 
Ешқандай экономикалық реформа жүріп жатқан жоқ. Экономика министрін ешкім көрген де жоқ, естіген де жоқ. Экономика министрі бізде бар ма өзі? Реформа кеңесі де жұмыс атқарып жатқан жоқ.
 
Уақыт өтіп барады, ал экономикалық реформа басталған да жоқ. Баяғы жартас сол жартас. Экономикамен 20 жыл бойы айналысатын ескі кадрларын қуып шығып жаңа кадрларын жұмысқа тарту керек. Өз басым айтам, мені шақырса, мен нағыз экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін барар ем. Бірақ қайдам, мен барсам нағыз реформа басталады ғой, ал оған олигархат қарсы..., – деп жазды Мұхтар Тайжан facebook парақшасында.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір