• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:29:09
Алматы
+12°

Алексей Цой мен Батырбек Әбділдин/фотоколлаж

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен қызметтес болған Батырбек Әбділдин министрлікке қарасты аппаратқа басшы болып тағайындалды.

Ол 1982 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін, Сингапур университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстандағы шетелдік коммерциялық ұйымның өкілі ретінде бастаған. 2002-2005 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігінің "Құрылыс консалтинг" АҚ маманы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы; директорының орынбасары, 2005-2009 жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2009-2011 жылдары "Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығы" РМК мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, директор орынбасары, 2011-2015 жылдары "Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасы" МКК бас дәрігерінің орынбасары болған. 2015-2020 жылдары жеке секторда еңбек еткен. 2018-2019 жылдары Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры, 2020 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – денсаулық сақтау министрлігі жобалық кеңсесінің басшысы қызметін атқарған.

Батырбек Әбділдин 2018-2019 жылдары Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры болып тұрғанда Алексей Цой қауымдастық төрағасы және құрылтайшылардың бірі болған. Сондай-ақ ол бір кездері Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жобасының жұмыс тобы қатарына енген. Ал ол кезде жобаға бүгінгі денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов жетекшілік еткен.

Алексей Цой ешқандай кланға тиесілі еместігін, қызметтен қызметпе өз командасымен көшуден аулақ екенін айтқанымен, айналасына өз адамдарын шоғырландыруы жалғастырып келеді.

Мәселен, Алексей Цой денсаулық сақтау министрлігіне президент істері басқармасының медициналық орталығынан ауысып келген. Ол жақта оның орынбасарлары Ажар Ғиният, пен Ерлан Қиясов болған. Бүгінде екеуі де вице-министр қызметінде. Соңғысы Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметін қоса атқарады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір