• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:13:18
Алматы
+12°

Павлодар облысы Ақсу қаласында автобустың төбесіне шығып, келесі аялдамаға дейін барған 18 жастағы  жасөспірім жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Құқық қорғау органдары Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жасау барысында жасөспірімнің қалалық автобус төбесіне секіріп мінген видеосын анықтап, видеоға тексеру жүргізген.

– 17 маусымда сағат 13.00-де жасөспірім Павлодар облысы Ақсу қаласы Астана көшесіндегі аялдаманың төбесінен қалалық автобустың төбесіне секіріп мінгені анықталды. Полиция тәртіп бұзған жігітті тапты. Ол 18 жастағы қала тұрғыны. Оған қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың  434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа әрекеттер бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал жазалау шараларын қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деді Ақсу қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Жасөспірім бұл әрекетке хайп үшін барғанын айтқан. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Это Павлодар, детка ??‍♂️ (@pavlo.detka)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір