23 Маусым, 2021 NEWS
Фото: kapital.kz
Мәжілістегі "Қазақстан халық партиясы" фракциясының депутаттары зейнетақы жинағын тұрғынүй жағдайын жақсарту мақсатында пайдалану жобасының аралық қорытындысын шығару қажет деп санайды.
Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярға бағытталған депутаттық сауалда Айқын Қоңыров 313 мың адам 1 триллион 400 миллиард теңге көлеміндегі жинақ сомасын алғанын, бұдан негізінен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы құрылыс жүргізетін компаниялар, банктер мен импортшылар экономикалық пайда көргенін айтады. Ал баспана қолжетімсіздігі секілді жүйелі проблема шешімін таппаған. Сөздерінше, қоғамдағы тұрғын үй алшақтығы асқына түскен.
Депутаттар жобаның жалпыэкономикалық өсімдегі ынталандыру әсері де шектеулі болғанын мәлім етті. Керісінше, үй мен құрылыс материалдары бағасының аспандауына, жалпы қымбатшылыққа әкеліп соқтырған.
Мәселен, "зейнетақы кампаниясы" іске қосылған 2021 жылғы 1 қаңтардан бері пәтер құны 8,3 пайызға, ал 2020 жылғы мамырдан 2021 жылғы мамырға дейін 22 пайызға өскен.
Нәтижесінде жаппай қымбатшылық жайлаған, ал зейнетақы жинағын пайдалану жобасы халықтың 2 пайызын ғана қамтыған.
Депутаттық сауалда жоба отандық өнеркәсіпті өрістетуге де сер боа алмаған. Өйткені отандық құрылыс материалдары негізінен табиға шикізатқа негізделген. Соның салдарынан зейнетақы жинағынан алынған қаражаттан шетелдік алып-сатарлар пайда көрген.
Жобаның осындай тиімсіз тұстарын атаған депутаттар жобаны жалғастырарда міндетті қосымша шаралар енгізу маңызды екенін айтты. Ол шаралар қоғамның белгілі бір тобының мүддесінен ғана шықпай, барлығына бірдей есептелуі керек.
"Қазақстан халық партиясы" жеке тұрғынүй құрылысын жандандыру мақсатында "жер үй" деп аталатын бағдарлама іске қосу аса қажет деген пікірде. Депутаттар бұл бастама жеке тұрғынүй құрылысын жүргізу үшін азаматтарды жер учаскесімен қамтудың ақылға қонымды тетігі екеніне сенімді. Сондай-ақ ол аталмыш бағдарлама құрылыс материалдары, әсіресе ішкі жұмыстарға арналған материалдар және ілеспелі тауарлар мен қызмет түрлерін дамытуға арналған шаралар қамтуға тиіс деп санайды.
Тұрғынүй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану жобасы президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сай жүзеге асқан. Жоба шарттары бойынша азаматтардың жас ерекшелігіне қарай зейнетақы жинағының ең аз жеткілікті шегі белгіленген.
Азаматтар қордағы жинақтың жеткілікті шектен асқан бөлігін ғана пайдалана алады. Ал ондай азаматтар іс жүзінде көп болмай шықты.
Жоба іске қосылғалы тұрғынүй нарығында сұраныс жоғарылап, баспана бағасы қымбаттап кетті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір