• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:11:45
Алматы
+35°

Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2006 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетін тәмамдаған.

2009 жылы АҚШ-тағы Тулейн университетінде магистр дәрежесін алды.

2019 жылы Гарвардтың Т. Х. Чан атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін алды.

2006 жылы еңбек жолын денсаулық сақтау жүйесінен бастады.

2010 жылдан 2014 жылға дейін денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сүлейман Демирел атындағы (СДУ) университет ректоры болды.

Қуаныш Асылханұлы министрлікте жоғары білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір