• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:39:10
Алматы
+12°

Шымкентте туғанына небәрі 10 күн болған нәрестеден мутацияланған жаңа штамм анықталды. Санэпидемиологтар белгісіз індеттің клиникалық белгілері "дельта" штаммына ұқсайтынын айтады. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады. 

Санэпидемиологтардың сөзінше вирус балаға анасынан жұққан. Бастапқыда нәрестенің дене қызуы көтерілген, мазасызданып іші өткен. Содан COVID-19 вирусына тексерген кезде оң нәтиже көрсеткен. Оның себебі "дельта" штаммы болуы ықтимал.   

Соңғы екі аптада Шымкентте жұқпалы ауру жұқтырған 908 жағдай тіркелген. Соның ішінде 18 жасқа толмаған 148 баладан коронавирус анықталған. Санэпидемиологтар ұлттық сараптама орталығына жіберген жиырма анализдің жетеуінде "дельта" штаммы табылған. 


"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент жаңа штамм

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір