• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:31:54
Алматы
+12°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жүрген оппозиционерлерді "қорқақтарға" теңеді. Бұлай деп ол "Штрихи к портрету" деректі фильмінің кезекті бөлімінде айтты. 

– Олар қорқақтар. Егер бір нәрсе айтқың келсе, елге келіп айт. Өзіңе сенімді болсаң, барлық ауыртпалықты өзің көтер, дәлелде. Елден ақша ұрлау әділетті емес. Ең өкініштісі, олардың барлығын мен көтердім. Бірін министр, бірін банкир, бірін бай қылдым. Ұрлайтынын ұрлап, тексеру басталған кезде, елден қашып кетті. Бәрі сондай. Сол жақта тұратындардың бірде-бірі жанжалсыз кетпеді. Ондай адам жоқ. Сол үшін мен қынжыламын, – деді Назарбаев.

Сондай-ақ ол "сатқындардың өмірі жақсылықпен аяқталмайды" деп санайтынын жеткізді.

– Сатқындық маған ұнамайды. Сатқындардың өмірі жақсылықпен аяқталмайды. Олардың жүрегінде "құрт" тұрады Сол "құрт" оларды іштей жегідей жейді. Олар өздерінің дұрыс жасамағанын, өз халқына, мемлекетіне қарсы шыққанын біледі. Сондықтан мен еш уайымдамаймын. Сатқындар өздеріне тиістіні алады, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев оппозиция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір