08 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Нұр-Сұлтан маңында жол апаты болып, полиция қызметкері көз жұмды.э, деп хабарлады елорданың полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 5 шілде шамамен сағат 00:24-те Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан кентінің ауданында болған.
"30 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан Lexus GS 300 көлігі аударылған. Жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Ал 35 жастағы жолаушы полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды" делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті марқұмның Сарыарқа ауданы қылмыстық полиция бөлімінің қылмыстық іздеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істегенін мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір