• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:27:10
Алматы
+12°

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және COVID-19-дың таралуы өсуіне байланысты Нұр-Сұлтанда тағы бір қалалық аурухана инфекциялық стационарға айналды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ресми сайт таратқан ақпаратқа сәйкес, №1 Көпбейінді қалалық аурухана 9 шілдеден бастап коронавирус инфекциясы бар пациенттерді қабылдайды. Онда 600 төсек-орын орналастырылған. әБұл шара төсек-орындарының жеткіліксіз болуы себепті қабылдандыә деп түсіндірді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

– Өкінішке қорай, біз тағы бір қалалық ауруханада жоспарлы госпитализацияны тоқтатуға, оны ковидтік стационарға айналдыруға мәжбүр болып отырмыз. Себебі инфекция жұқтырғандар саны азаймай тұр. Барлық пациент ауыстырылды. Алдағы уақытта оларды қаланың республикалық және ведомстволық клиникаларына жібереміз, – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Қала тұрғындарын ауруханаға жатқызу стационарлардың кезекшілігіне сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ, гинекологиядан бөлек, тәулік бойы және күндізгі стационарға жоспарлы жатқызу №2 Көпбейінді қалалық аурухана да уақытша тоқталады.

Өткен жазда №1 Көпбейінді қалалық аурухана КВИ науқастарын емдейтін стационарға ауыстырылған болатын. Ал тамыз айының соңында коронавирус инфекциясы бар соңғы науқас шығарылған соң бұрынғы профильдік жұмысына қайта кіріскен.

– Эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Соңғы аптада біз үш аурухананы инфекциялық стационарға ауыстырдық. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы тұрғындардың инфекция жойылды, карантинді ұмытуға болады деген пікірі бізге ауыр тиеді. Елорда наурыз айынан бері "қызыл" аймақтан шықпағанын тағы да еске салып өтейін. Бұл көрсеткіш тұрғындарымыздың санитарлық талаптарды сақтаудағы жауапкершілігіне тікелей байланысты, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Тимур Мұратов тәулігіне ауруханаға жатқызылғандардың саны 300 адамға жеткенін айтты. Сөзінше, пациенттер ауыр және өте ауыр күйде түсіп жатыр.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері инфекциямен ауырғандардың көбеюіне байланысты қалалық психикалық денсаулық орталығы және қорғаныс министрлігінің бас әскери клиникалық госпиталі инфекциялық стационарға ауыстырылған. Ал жалпы төсек-орын саны – 300.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 9 шілде күні инфекциялық стационарларда барлығы 2 007 науқас жатыр, бұл төсек жүктемесінің 81%-ын құрайды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұр-Сұлтан COVID-19

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір