13 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу айтты.
– Мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айтқа санаулы күндер қалды. Ұлық күнде исі мұсылман баласы шынайы ниетпен құрбан шалып, құрбандық етін мүгедектер мен жетімдерге, көпбалалы отбасылар мен қарттарға таратып, алғысын алуға тырысады. Адамның алғысын алып, батасына бөлену – сауапты істің бірі, – деді бас мүфти.
Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарына мал құнын көтерме бағасыз және кәсіпкерлер азық-түлік бағасына жеңілдіктер жасауды сұрады.
– Айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға деген сұраныстың арта түсетіні белгілі. Осы ретте елдегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын ұлық мейрам – Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Сонымен қатар, барша кәсіпкерлерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін, – деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір