• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:52:00
Алматы
+35°

Пәкістанда автобус жарылып, 10 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды. Бұл туралы India Times сайты хабарлады.

Жарылыс Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунва провинциясында болған. Қытайлық және пәкістандық құрылысшылар мен инженерлер мінген автобустағы жарылыстан 10 адам, оның ішінде 9 Қытай азаматы қаза тауып, 28-і жарақат алған. Жарылыстан кейін бір Қытай инженері мен бір сарбаз жоғалып кеткен.

Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Алдын-ала болжам бойынша бұл іске исламшыл содырлардың қатысы бар. Олар бұған дейін Қытайдың Пәкістандағы мүдделерін нысанаға алғаны хабарланған. Бейжің үкіметі жарылысты ұйымдастырғандарды қатаң жазалауды талап етуде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір