15 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Шығыстанушы, дінтанушы, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар қажы Дербісәлінің неден қайтыс болғаны белгілі болды.
Қажының өкілінің хабарлауынша, Әбсаттар Дербісәлі бүгін 02:00 шамасында өмірден өткен. Ол пневмония және жүрек талмасынан қайтыс болған.
Бірер күн бұрын оның қатты сырқаттанып, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған.
Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі 1947 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.
1969 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік тәмәмдаған.
1970-1975 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыды.
1975-1976 жылдары Марокко Корольдігі, 1985-1986 жылдары Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өткен.
2000-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір