• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:32:48
Алматы
+12°

Алматыдағы медициналық мекемелерде жалған вакцинация төлқұжаттары жасалған. Бұл туралы Рolisia.kz хабарлады. 

– Қалдағы №21, №4, №16 және №13 емхана дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс тергеу сатысында тұр. Дәрігерлер азаматтарға іс жүзінде вакцинациясыз бірінші компонентті дозаны салғаны туралы жалған деректер енгізген. Немесе вакцинация кабинетінде бейнебақылау камерасы болған кезде инъекция алу көрінісін жасап және инъекция орнын пластырьмен жабыстырған. Бұл қызметтердің барлығы ақшалай сыйақы үшін көрсетілгені анықталды, –  деді қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Нұрлан Алмасбеков жалған құжат жасағандар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын, ал жалған құжатты қолданғандар 40 тәулікке қамалатынын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір