19 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу департаментінің басшысы пара алу күдігімен ұсталды.
"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мердігер ұйым өкілінен 2,2 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін "Казатомпром" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу Департаментінің басшысын ұстады" делінген хабарламада.
Аталған лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және қызмет көрсету шарты бойынша әрі қарай аудару үшін ақша қаражатын алғаны анықталды.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ – дүниежүзіндегі ауқымды ресурстық базаның бірін игеру басымдығына ие әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір