• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:25:22
Алматы
+35°

Әлемнің көптеген елдерінде мұсылмандар Құрбан айт мерекесін карантиндік шараларға сәйкес атап өтуде.

Германияда тұратын мұсылмандар Құрбан айт намазын оқу үшін ел астанасы Берлиндегі Мевлана мен Шейіт мешіттеріне ағылды.

Фото: aa.com

Мешіттегі мұсылмандар айт намазына маска тағып, арақашықтық сақтап тұрады.

Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және мүфтилер кеңесінің президенті Равиль Гайнутдин мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Фото: aa.com

Кейін діни қызметкерлерден тұратын жамағат айт намазын эпидемиялық ережелерге сәйкес оқыды. Құрбан айт намазы мен уағыз онлайн режимде тікелей эфирде көрсетілді.

Ресейде Covid-19 эпидемиясының ушығуына байланысты билік мұсылмандарға мерекені үйде қарсы алуға кеңес берді.

Әзербайжан. Бакуде айт намазын ең үлкен мешіттердің бірі Эдждер-Бей мешітінде оқыды. Мешітке келген адамдар маска киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтады.

Фото: aa.com

Намаздан кейін елдің тыныштығы мен өркендеуі үшін ислам әлеміндегі қиындықтардың аяқталуына дұғалар оқылып Қарабах соғысының шейіттері де ұмытылмады.

АуғанстанКүн сайын адам өлімі тіркелетін Ауғанстанда айт намазы үшін халық мешіттерге және ел астанасы Кабулға ағылды. 

Фото: aa.com

Ауған халқы айт намазынан кейін құрбандыққа шалынатын мал союды  бастап кетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір