• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:32:24
Алматы
+12°

Қазақстанда өткен тәулікте 5179 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен. 227 адамнан пневмония анықталған. 20 шілдеде 54 адам коронавирустан, 8 адам пневмониядан көз жұмған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық ахуал туралы күнделікті ақпараттық хабарламасында айтылды.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар саны  504 290-ға жетті. Оның ішінде 5116 адам қайтыс болған. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 58 883. Оның 3562-сі көз жұмған.

Вирустың таралуы әсіресе Нұр-Сұлтан (1277), Алматы (710), Шымкент (412) қалаларында, Қарағанды (703), Атырау (348), Батыс Қазақстан облыстарында (272) өршіп тұр.

21 шілдедегі мәлімет бойынша 64 367 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 20 050 пациент стационарда, 44 317 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 1 157 адамның жағдайы ауыр, 263 пациенттің жағдайы өте ауыр, 160 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 өңір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрғанын хабарлады.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.

"Сары" аймақта Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Жасыл аймақта бірде-бір өңір қалмады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір