21 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Halyk Bank баспасөз қызметі
Halyk Bank "Ай сайын пәтердің ұтыс ойыны" ауқымды акциясы аясында жеті пәтердің алғашқысын ойнатты. Осы жылға жоспарланған "Хан Тәңірі" тұрғынүй кешеніндегі жеті алматылық пәтердің алғашқысының ұтыс ойны "31 арна" эфирінде көрсетілді.
Алғашқы ұтыс ойнында Степногорск қаласында жүргізуші болып жұмыс істейтін көпбалалы әке Виктор Покоевтың жолы болды. Ол Алматының экологиялық таза ауданында орналасқан жаңа пәтер иесі атанды. Төрт баланың әкесіне пәтер кілді салтанатты түрде табыс етілді.
– Шынын айтқанда Halyk Homebank-те онлайн кредит ресімдеп жатып, смартфон ұтып алғым келген. Сол себепті Алматыдан пәтер ұтып алдың деген хабар мен үшін күтпеген жаңалық болды. Қатты таң қалдым, әрине, сосын өте қуандым. Отбасымның, балаларымның да қуанышында шек жоқ. Мен Halyk Bank-ке үлкен алғысымды білдіремін, себебі осындай науқандардың арқасында адамдарда пәтерге ие болу мүмкіндігі пайда болды. Бұл – өте керемет мүмкіндік. Сондықтан мен барлығына өз мүмкіндін сынап, осы науқанға қатысуға кеңес бергім келеді. Жыл аяғына дейін тағы 6 пәтер ойнатылатынын айтты. Әйеліме бөліп төлеу арқылы кір жуатын машина алғым келеді, енді Halyk Homebank-те бөліп төлеуді міндетті түрде ресімдеймін, мүмкін тағы ұтып қалармын, – дейді қуанышын жасыра алмаған Виктор Покоев.
Әрбір адам Алматы орталығынан жайлы пәтер ұтып ала алады. Ол үшін Halyk Bank-тен бір рет тиімді талаптармен кредит немесе бөліп төлеу ресімдеу және науқанның бүкіл кезеңінде Halyk Homebank қосымшасы арқылы ай сайын қызметтер үшін төлем жасау жеткілікті. Төлем неғұрлым көп жасалса, соғұрлым жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.
Науқанға қатысу үшін 2021 жылғы 11 мамыр мен 19 желтоқсан аралығында екі шартты орындау қажет.
- 200 000 теңгеден артық сомаға бір рет кредит алу немесе бөліп төлеуді ресімдеу;
- Ай сайын Halyk Homebank қосымшасында 1000 теңгеден артық сомаға қызметтерді төлеу.
Halyk Bank ұсынатын бұл бірегей науқан былтыр басталған. Ол жолы 3 пәтер ойнатылған. Үш ұтыс ойынына шамамен 150 000 адам қатысқан. Қатысушылардың бірі Алматы облысының Ұлан ауылынан, бірі Қарағанды облысының Ақжарық ауылынан, соңғысы Шымкент қаласынан болған. Олардың әрқайсысы "Хан Тәңірі" түрғынүй кешенінен пәтер ұтып алған.
Науқан туралы және кезекті ұтыс ойнының өтетін күні мен оның нәтижесі туралы соңғы жаңалықты Halyk Bank-тің Instagram (@halykbank.kz), Facebook парақшалары арқылы білуге болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір