Фото: Ашық дереккөз
Қазгидромет Қазақстанның оңтүстігінде ыстық күтілетінін және солтүстікте жаңбыр жауатынын хабарлады.
"24 шілдеде Қазақстанның батысында, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ болуы да ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі", делінген хабарламада.
Синоптиктер алдағы уақытта 46 градусқа ыстық болады деп болжауда.
Күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста ауа температурасы 38-46 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Ал солтүстікте, керісінше, ауа температурасы 32-40 градустан біртіндеп 20-30 градусқа дейін түседі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір