24 Шілде, 2021 NEWS
Фото: olympic.kz
Токио олимпиадасында 60 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалға шықты.
Ширек финалда Елдос Сметов Оңтүстік Кореяның үміті Ким Вон Джинмен белдескен болатын. Қазақстандық дзюдошы қарсыласын "иппон" әдісімен ұтты.
Енді ол жартылай финалда татами иесі – жапониялық Наохиса Такатомен айқасады. Жапон спортшысы Наохиса Такато әуелі Еуропа чемпионатының жүлдегері бельгиялық Йорре Ферстрэтенді ұтса, ширек финалда грузиялық Лухуми Чхвимианиден басым екенін дәлелдеген болатын.
Наохиса Такато Рио Олимпиадасында қола медаль еншілеген. 2017 жылғы әлем чемпионы деген атағы да бар.
Айта кетейік, Токио олимпиадасына Қазақстаннан 6 дзюдошы аттанды. Олар: Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір