• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:40:42
+12°

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Серік Теміржанов Токио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандық боксшы 57 келіде сынға түсіп, венгриялық Роланд Галошты жарыс жолынан шығарды.

– Жекпе-жек басталғанға дейін қарсыласымды біраз зерттедім. Ол лицензиялық турнирде үшінші орын алған. Әрине, олимпиададағы алғашқы кездесуім болған соң, жауапкершілік жоғары болды. Қобалжығаным да рас. Өйткені, команда сапынан ең бірінші болып шаршы алаңға мен шықтым. Сондықтан, жеңіске жету үшін бар күшімді салдым. Енді келесі кездеуге дайындаламыз, – деді Теміржанов. 

Серік Теміржанов келесі айналымда америкалық Роган Дюкпен қолғап түйістіреді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір