25 Шілде, 2021 Спорт
Фото: Olypmic.kz
Токиода дзюдодан екінші жарыс күні басталды. Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов алғашқы қарсыласын жеңді, деп хабарлады Olympic.kz.
Бүгін, олимпиаданың екінші күні дзюдодан ерлер 66 келіге дейін, әйелдер 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасады.
Қазақстандық Ерлан Серікжанов (66 келі) алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын жеңді. Ол әзербайжандық Орхан Сафаровпен жұдырықтасып, қосымша уақытта вазари ұпайларын жинады.
Ерлан Серікжановтың келесі қарсыласы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, италиялық Мануэль Ломбардо.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір