26 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Владислав Семенов
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Токио олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
52 келіде сынға түскен Бибосынов бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен кездесті.
Қазақстандық боксшы қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі) пен Зәкір Сафиуллин (63 келі) Токио ойындарындағы алғашқы жеңіске қол жеткізген.
Олимпиадада ерлер құрамасы барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары).
Әйелдер арасындағы бокстан ел намысын жалғыз Надежда Рябец (75 келі) қорғайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір