26 Шілде, 2021 NEWS
Фото: kazgazeta.kz
Токио олимпиадасында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізген боксшы Сәкен Бибосыновтың бапкері Мырзағали Айтжанов кездесу туралы айтып берді.
– Бірінші кездесу болғаннан кейін әрдайым қиын болады. Оңай қарсылас жоқ. Қарсыласы да құрлықтан, Америка континентінен іріктеліп келген боксшы. Бірінші раунд барлау емес, бірден төбелеске ұласты. Екінші раундтан бастап Сәкен өзінің ойынын көрсетіп, аяқ-қолын, бойының ұзындығын пайдаланып, айтқанымызды істеп отырды. Нәтижесінде қарсы шабуыл жасап, жекпе-жекті жеңіп шықты, – деді спортшының бапкері.
Айтуынша, Сәкен Бибосыновтың ендігі қарсыласы әлем чемпионатының қола жүлдегері франциялық спортшы.
– Онымен осы уақытқа дейін кездескенбіз. Ұттық та, ұтылдық та. Есеп 1:1. Ертең шешуші сәтте барымызды салатын кез келді, – деді Мырзағали Айтжанов.
52 келіде сынға түскен Сәкен Бибосынов бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен кездесіп, қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір