27 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Владислав Семенов
Бокстан Қазақстан командасынының өкілі Абылайхан Жүсіпов Токио олимпиадасында жеңіліске ұшырады, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абылайхан америкалық Джонсон Делантемен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді.
Осылайша, 2004 жылғы ойындардан бері келе жатқан дәстүр үзіліп, Қазақстан бокстан 69 келіге дейінгі салмақта жүлдесіз қалды. Бұл салмақта Қазақстан 2004 жылдан бергі олимпиадаларда алтын алып келген. 2004 жылы Афины ойындарында Бахтияр Артаев, 2008 жылы Бейжің олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Лондон ойындарында Серік Сәпиев, 2016 жылы Рио ойындарында Данияр Елеусінов осы салмақта олимпиада чемпионы атанған.
Токио олимпиадасында Қазақстан бокс құрамасының 3 өкілі – Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Зәкір Сафиуллин келесі кезеңге жолдама алды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір