• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:59:29
Алматы
+12°

Еліміздегі әр отбасының хал-ахуалына үңілу, өмір сүру деңгейін зерттеу, әлеуметтік жағдайын жақсарту – өзекті мәселелердің бірі. Осы ретте халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімідігінің назарынан тыс қалған емес. Мұндай кезек күттірмейтін мәселелерді шешу мақсатында 2019 жылғы тамыз айында Түрксіб ауданы әкімдігінің қолдауымен Бақытты отбасы әлеуметтік орталығы ашылып, өз жұмысын бастады.

Аталмыш әлеуметтік орталық әлеуметтік әл-ау­қа­ты төмен отбасыларға, көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек бала асырап отырған отбасыларға заң, психологиялық тұрғыдан көмек көрсетеді. Сонымен қатар, балала­рын балабақша кезегіне тұрғызу, тұрғын үй кезегіне тұрғызу, egov порталы арқылы анықтамалар алу, атау­лы әлеуметтік көмекке тіркеу, "Отбасы» банк" қызметкерлерінен баспана алу туралы кеңес алу жүзеге асырылады.

Аналардың біліктілігін арттыру мақсатында, жұмыспен қамту негізінде Бақытты отбасы әлеуметтік орталығында шаштараз, бет әрлеу, кірпік өсіру, тырнақ жасау, компьютерлік біліктілік, смм маркетинг, киіз басу, балаларға және ересектерге арналған массаж, ағылшын курстары тегін оқытылады. Өз кәсібін ашып бизнеске бет бұрған аналарға Бизнес бастау бойынша тренинг өткізіп, бизнес идеясын жүзеге асыруға атсалысып, кәсібін қалай жүргізу керектігі туралы арнайы мамандардан кеңес алуларына жағдай жасалған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы Бақытты отбасы әлеуметтік орталығының басты мақсаты – мұқтаж болған көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың өмір сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік жағдайын жақсарту.

Абзал Әуелбеков

Алматы қаласы Түрксіб ауданы Бақытты отбасы әлеуметтік орталығының менеджері

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір