• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 20:26:52
Алматы
+12°

Білім және ғылым министрлігі "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты бас лицензиясынан айырылғанын мәлімдеді.

Бұған дейін ЖОО-да тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша комитет қызметкерлері түрлі бұзушылықтарды анықтады.

Қызылорда қаласындағы "Ақмешіт" институтына ұйғарым беріліп, оқу орнына барлық сәйкессіздікті жоюға уақыт берілді. Алайда, жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсады.

– Жоғары оқу орындарында тексеру жұмыстарын білім беру сапасы мен кадрлар даярлауды жақсарту үшін жүргізетінімізді түсіну маңызды. Бұл ретте біз жоо-ларды лицензиядан бірден айырмаймыз және оларды бірден жаппаймыз. Жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт берілгенімен, ешқандай әрекет болған жоқ.  Осыған байланысты біз кейінірек қатаң шаралар қабылдауға мәжбүрміз.

Жоғары оқу орындарының студенттері үшін жағдай жасап, білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартуға қол жеткізуі маңызды. Әйтпесе, жосықсыз университеттер сапалы біліммен қамтамасыз етпей, диплом беруді жалғастыратын болады.

"Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтына келетін болсақ, соңғы тексеру осы жылдың маусым айында жүргізілді. Бұзушылықтар жойылған жоқ. Әңгіме материалдық-техникалық базаның әлсіздігі және оқу процесін ұйымдастырудағы елеулі кемшіліктер туралы болып отыр. Университеттегі кейбір пәндерді тиісті білімі мен дәрежесі жоқ оқытушылар жүргізген. Тіпті оқу процесі мерзімінен бұрын аяқтап, нәтижесінде студенттер білім беру бағдарламаларын толық игере алмаған. Қазіргі таңда институт оқу орнын лицензиядан айыру туралы қабылдаған шешімімізге наразылық білдіруге тырысып жатыр, – деді БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Бүгінгі таңда "Ақмешіт" институтының білім беру қызметіне аккредитациясы жоқ. Алайда, дипломдардың жарамсыз болғандығына қарамастан, институт оларды БҒМ-де тіркелген сериялар мен нөмірлерсіз берген.

Сондықтан студенттердің назарын ЖОО лицензиядан айырылған болса және ЖОО аккредиттеуден өтпеген жағдайда, білім алушылар гранттарды сақтай отырып әрі игерілген кредиттер мен пәндерді қайта тапсырып, басқа жоғары оқу орындарына ауысуға құқылы екендігіне аударамыз. 

Осы жылдың түлектері басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады, және олардың оқу нәтижелері ескеріліп, диплом беріледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақмешіт Институт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір