11 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Премьер-министрі Асқар Мамин үкімет отырысында биылғы оқу жылы дәстүрлі форматта оқуға шешім қабылданғанын айтты.
– 2021-2022 оқу жылында Қазақстанның 7475 мектебінде 3,4 млн-нан астам адам, оның ішінде 1 сыныпта 380 мыңнан астам бала оқитын болады. Оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі. Вакцина алған педагогтер жұмысқа жіберіледі. Қазіргі уақытта вакциналауға жататын педагогтердің 93,1%-ы және білім беру мекемелерінің басқа қызметкерлерінің 88,4%-ы вакцина алды, – деді ол.
Барлық білім беру ұйымдарында педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналар үшін "Ashyq" жүйесі енгізіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір