• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 09:20:11
Алматы
+12°

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда шектеу шаралары мен маска тағу режимін сақтау бойынша үкімет отырысында тапсырма берді. 

Үкімет басшысы вакцинация пандемиядан шығудың маңызды жолы болып қала беретінін атап өтті.

– Қазіргі уақытта бірінші компонентпен 5,9 миллионнан аса адам егілді, ал екінші компонентпен 4,5 миллионға жуық адам егілді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының әкімі егу жоспарының биыл тамызында орындалуын қамтамасыз етуі тиіс, – деді Мамин.

Премьер-министр осы жылғы 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, педагогтар мен техперсоналды вакциналаумен 100% қамтамасыз етуді, осы жылғы 20 тамызға дейін мектептерді санитариялық талаптарға сәйкес (кварцтеу, дезинфекция, маска режимі, күнделікті термометрия және т.б.) қабылдауды аяқтауды тапсырды.  

– Халықтың шектеу шараларын, әсіресе бетперде режимін сақтауын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін мониторингтік топтардың жұмысын жандандырып, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылуы тиіс, – деді Асқар Мамин.

Ол өңір басшыларына вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ "Ashyq" жүйесіне қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып келе жатқанын да атап өтті.

– Олардың саны 5 есеге, 21 мыңнан 101 мыңға дейін көбейді. Бұл бизнестің жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан "Ashyq" қосымшасын қолдану аясын одан әрі де кеңейту қажет, – деді Асқар Мамин. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір