12 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Хабар 24
Алматы облысы, Есік қаласының әкімі Айдар Бошқұлов айлығының 219 мың теңге екенін, әкім болғанына өкінетінін айтты. Бұл туралы ол "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
– Мен бұған дейін бизнесте болдым, шынымды айтсам әкім қызметіне келгеніме өкінетін кездер болады. Өйткені өзіңе-өзің бастық болғың келеді. Айлығым 219 мың теңге, бірақ шағымым жоқ. Осы Есік қаласында әйелімінің жалға берумен айналысатын кәсібі бар, – деді Есік қаласының әкімі.
Бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айлығының 800 мың теңге екенін айтқан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір