13 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қызылорда облысының Мәдениет басқармасының басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн. теңге көлемінде пара алу күдігімен Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысын әшкереледі" делінген агенттік таратқан хабарламада.
Сот санкциясымен күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялануға жатпайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір