• USD 416.91

  • EUR 446.47

  • RUB 7.34

  • CNY 62.53

25 Мамыр, 07:06:35
Алматы
+18°

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани тәліптер ел астанасы Кабулға кіргеннен кейін елден қашып кетті. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

2014 жылдан бері ел президенті болған Ғани кеше әлеуметтік желілерде президент ретінде өз отанын Талибаннан қорғауды жалғастыратынын мәлімдеген болатын.

Ауғанстан ұлттық татуласу жоғарғы кеңесінің президенті Абдулла Абдуллаһ әлеуметтік желідегі аккаунтында видео арқылы ел президенті Ғанидің елден кеткенін растады. 

– Ол Ауғанстаннан қиын уақытта кетті. Алла оны жауапқа тартады, – деді ол.

Тәліптердің елдегі үстемдігі

АҚШ пен тәліптер 2020 жылы бейбіт келісімге келген. Оған сай халықаралық күштер Ауғанстаннан шығуға тиіс болған. Процесс биыл басталды.

Келісім шетелдік күштерге шабуыл жасамауды көздейді, бірақ тәліптердің Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне қарсы әрекетіне қатысты ешқандай ереже енгізбеген.

Тәліптер Ауғанстанды қалай басып алды?

Дохадағы Ауғанстан үкіметімен келіссөздерді жалғастыра отырып, тәліптер  маусымнан бері Ауғанстанның көптеген аудандары мен провинцияларының орталықтарын басып алды.

Ел астанасы Кабулды қоршап алғаннан кейін олар  үкіметке әкімшілік пен астананы бейбіт жолмен беруге шақырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауғанстан Тәліптер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір