• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:48:00
Алматы
+12°

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 10 398 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 80,7 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,4%) Өзбекстаннан, 10,1% – ҚХР-дан, 6,4% – Түркіменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,6% – басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,8%), Түркістан (14,2%), Маңғыстау (18,4%) және Жамбыл (8,3%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,6%) қаласына қоныстанған.

1 тамызындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,2%-ды, зейнеткерлер 18,4%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 45,6%-ы жалпы орта білімді және 3,8%-ның білімі жоқ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қандас оралман

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір