• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:28:05
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мектептердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

– Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарын 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі штаттық оқыту режиміне көшіру туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта әкімдіктермен бірігіп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлері мектептердің оқу жылына дайындығын тексеруде. Соның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай келуі тексеріледі.

Біріншіден, ғимараттардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы басты назарда. Мектепке келгенде балалардың ара қашықтығын сақтау туралы айқын белгілердің бар болуы және санитайзерлер (дезинфекциялау үшін), мектепке кірер жолдағы өткізетін бақылау жұмыстары қалай жүргізілетіні бойынша тексеру жұмыстары басталды, –  деді вице-министр.

Оның айтуынша бүгінде 354 мектеп оқу жылына дайын емес. Тексеріс жұмыстары 25 тамызға дейін жүргізілетін болады.

– Қазір бас санитар дәрігердің қаулысы әзірленуде. Оған сәйкес, егер сыныпта бір бала коронавируспен ауырса, барлық сынып байланыста болғандықтан карантинге кетеді. Балалардың жаппай ауырып қалуына жол бермес үшін осы қаулыда мектептерге санитарлық талаптар күшейтілуде, – деп айтты Ажар Ғиният.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір