23 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Журналист, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сұлтан Оразалин 80 жасында дүниеден өтті.
Сұлтан Оразалин 1941 жылы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында туған.
1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Семей облысы, Абай аудандық "Социалистік мал шаруашылығы" газетінде әдеби қызметкер болып бастаған.
Кейін Аягөз аудандық комсомол комитетінде, Қазақ радиосы мен телевидениесінде редактор, аға редактор, күнделікті хабарлар бағдарламасының бас редакторы болып істеген.
Сұлтан Оразалин “Сұхбат”, “Халық қазынасы”, “Шұғыла”, “Қымызхана”, “Кездесу”, “Айтыс” хабарларын алғаш ұйымдастырып, сценарийлерін жазып, эфирде жүргізген.
300-ге жуық әдеби сценарий мен 40 шақты ғылыми-зерттеу мақала авторы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір