• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:55:49
Алматы
+12°

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында елде коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.

– Жалпы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Өткен аптада ауру жұқтыру деңгейі 20 пайызға дейін төмендеді. Вирустың репродуктивтілік индексі 0,86-ны құрады. Науқастардың ауруханалардан және жансақтау бөлімдерінен шығуы бойынша оң серпін байқалады, – деді Асқар Мамин.

Асқар Мамин әйтсе де әлі Түркістан облысы ғана "жасыл аймақта", қалған өңірлердің бәрі "қызыл аймақта" екенін атап өтті.

Ол эпидахуалдың жақсаруын ең алдымен вакцина салдырғандар санының оң әсер етіп жатқанымен байланыстырып, жауапты органдарға вакциналау науқанын күшейтуді тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір