24 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев инфляцияны төмендету жоспарын жариялады.
– 2021 жылы жеті айдың ішінде Қазақстан экономикасы 2,7 пайызға өсті. Ал жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім 3,7 пайызға артып, дағдарысқа дейінгі деңгейге жетеді деп күтіп отырмыз,– деді Досаев үкімет отырысында.
Бас банкирдің сөзінше, алдағы уақытта инфляцияның деңгейі де төмендейді.
– Президенттің тапсырмасына сай, инфляцияны 2022 жылы 4-6 пайызға, 2022-2024 жылдары 4-5 пайызға, ал 2025-2026 жылдары 3-4 пайызға төмендетуге болады, – деді ол.
Бұған дейін Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында азық-түлік қымбаттап жатқан жалғыз ел болып отырғаны хабарланған.
ЕАЭО бойынша азық-түлік тауарлары мен қызметтерінің баға индексі 2021 жылғы шілдеде 2021 жылғы маусыммен салыстырғанда 100,3 пайызды көрсеткен.
Осы ретте азық-түлік тауарларының бағасы Қазақстаннан өзге ЕАЭО елдерінің барлығында төмендеген.
2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ЕАЭО бойынша жалпы өсім 4,7 пайызды құраған. Қымбатшылықтың төменгі деңгейі Армения (3,3%) мен Ресейде (4,5% ) тіркелген.
Қазақстанда шілде айында қымбатшылық 11 пайызы көрсеткен. Соңғы айда ет пен сұйық май және қант бағасы қымбаттаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір