• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 04:37:56
Алматы
+12°

Ұлыбритания полициясы Шеффилд қаласындағы бес жасар ауған босқынның өлімі туралы әлеуметтік желіде нәсілдік сипаттағы ауыр пікірлер жазған әйелді ұстады.

Мұхаммед Муниб Мажеди есімді бала сәрсенбіде "OYO Sheffield Metropolitan" қонақ үйінің тоғызыншы қабатынан терезеден құлап қайтыс болды.

Бала мен оның отбасы өткен аптада Талибаннан қашып Ұлыбританиға келген. Ағылшын ішкі істер министрлігі оларды қонақүйге орналастырған. 

Шеффилд қаласының тәртіп сақшылары 42 жастағы әйелді зиянды қарым-қатынас жасады және қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікпен ұстаған..

Оңтүстік Йоркшир полициясының хабарлауынша, әйел полицияның бақылауында, қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.

Детектив инспектордың міндетін атқарушы Ли Коркер онлайнда жазылған пікірлер ауыр зардаптарға әкелетінін ескертті.

– Өшпенділік сөздер немесе жеккөрушілік қылмыстарына жол берілмейді және ондай қылмыстарды офицерлер қатаң түрде шешеді, – деп мәлімдеді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлыбритания босқын

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір